Құрылғы таңдаулары параметрлерін файлға экспорттау

Құрылғы таңдаулары параметрлерін мәтіндік файлға экспорттау үшін:

  1. Консоль ағашында Құрылғы таңдаулары қалтасын таңдаңыз.
  2. Таңдау қойыншасындағы қалтаның жұмыс аймағында реттелмелі құрылғы таңдаулары тізіміндегі өзіңізге қажетті құрылғы таңдауларын таңдаңыз.

    Параметрлерді тек пайдаланушы жасаған құрылғы таңдауларынан экспорттауға болады.

  3. Таңдауды іске қосу түймесін басыңыз.
  4. Таңдау нәтижелері қойыншасында Параметрлерді экспорттау түймесін басыңыз.
  5. Ашылған Басқаша сақтау терезесінде таңдау параметрлерін экспорттау үшін файл атауын белгілеңіз, файл сақталатын қалтаны көрсетіңіз және Сақтау түймесін басыңыз.

Құрылғыны таңдау параметрлері көрсетілген файлға сақталады.

Басына оралу